Каспий теңізінің батысындағы теміржол желісі қолданысқа берілуге дайын
(last modified Fri, 28 May 2021 10:59:42 GMT )
Maм 28, 2021 16:59 Asia/Almaty
  • Каспий теңізінің батысындағы теміржол желісі қолданысқа берілуге дайын

ИИР Темір жол компаниясының атқарушы директоры Каспий теңізінің батысындағы теміржол желісі эксплуатацияға берілуге дайын екенін хабарлады.

Саид Расули: «Армения мен Әзірбайжан республикасының арасында болған аймақтық соғыстан зардап шеккен Армения-Джульфа теміржол желісі қайта жөнделгеннен кейін жуырда Каспий теңізінің батысында Иран мен Қара теңізді жалғастыратын дәліз іске қосылады»,-деді.

Расули: «Джульфа шекаралық темір жол желісі жылына 7 млн тонна жүк тасымалдай алады. Аймақтық соғысқа дейін бұл бағыт назардан тыс қалдырылған. Иран мен Ресейдің Әзірбайжан және Армениямен келіссөздерінің нәтижесінде аймақта бейбітшілік орнатылғандықтан бұл желі қайта іске қосылатын болады»,-деді.

Расули: «Пойыздар Әзірбайжан республикасынан Иранның солтүстігіндегі Гилан облысының Астара вокзалына кіреді. Дәліздің батыс бөлігі қайта жөнделіп, толықтырылғаннан кейін Иран Джульфа-Нахичевань-Армения-Грузия арқылы Ресей мен Қара теңізге жалғанады»,-деді.