Ресей: «С- 300» құрылғысының сатылымы шектеулі болады
Сәу 18, 2016 16:13 Asia/Almaty
Мәскеу «С- 300» құрылғысын сұраныс берген барлық елдерге сатудың мүмкін еместігін мәлімдеді.
Ресей президентінің әскери және техникалық ынтымақтастықтар ісі бойынша көмекшісі Владимир Кожин осы туралы айтқан сөзінде көптеген елдердің «С- 300» құрылғысына қызығушылық танытып отырғанын, бірақ ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етудің басты бағдарда тұрғанын, ол іске асырылмайынша шетелдік сұраныстардың қанағаттандырылмайтындығын, сондай-ақ, аталмыш құрылғы өндірісінің шектеулі екендігін қуаттап, оны жаппай сатуға мүмкіндіктің жоқтығын мәлімдеді.
Тегтер