Маусым 10, 2021 20:40 Asia/Almaty
  • Теһран мен Бакудың теміржол тасымалы туралы меморандумы - екі елдің қарым-қатынасын кеңейту жолындағы әсерлі қадам

Иран мен Әзірбайжан екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайу мақсатында сындарлы да тиімді қадамдар жасауда.

Осы орайда Иран мен Әзірбайжан теміржол әріптестігін дамыту туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға ИИР Теміржол компаниясының атқарушы директоры Саид Расули мен Әзірбайжан республикасының Теміржол компаниясының атқарушы директоры Джавид Құрбанов қол қойды. Меморандум бойынша, қос тарап жылына 2 млн тонна жүк транзиттеуге келісті. Иран мен Әзірбайжанның транзиттік әріптестігінің ауқымды стратегиялық маңыздылығынан бөлек, осы әріптестік құжатына қол қою Теһран мен Баку үшін екіжақты сауда айналымын арттыруға жаңа мүмкіндік береді.  

Иран мен Әзірбайжан басшыларының Теһран мен Бакуге алма-кезек сапарларынан кейін теміржол тасымалы мен транзит саласында бірнеше әріптестік құжатына қол қойылуы екі ел басшыларының байланыс саласында ынтымақтастықты кеңейтуге ерік-жігер танытып отырғанын көрсетеді.  

Осыған орай Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мұхаммед Ислами Әзірбайжанға соңғы сапары барысында: «Табриз-Нахичеван теміржол желісі іске қосылғаннан кейін Иран мен Әзірбайжанның сауда әлеуеті артатын болады»,-деп хабарлады.

Аймақ пен әлемде коронавирус індеті таралғанына қарамастан, 2020 жылы Иран мен Әзірбайжан арасындағы тауар тасымалы мен транзиттің көлемі 480 мың тоннаға жетті.

Өткен бір жылда «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізіндегі тауар айналымының 18 пайызға артқанына байланысты Астара-Астара бағытындағы тауар транзиті 25 пайызға артты.

Иран мен Әзірбайжанның «Солтүстік-Оңтүстік» стратегиялық дәлізіндегі ынтымақтастығы екі елдің тасымал саласындағы әріптестігін нығайтуға жағдай жасады деп айтуға болады.

Тегтер