Тұтқындарды ұрғаны үшін 52 полиция қызметкері қызметінен шеттетілді
Шіл 02, 2021 13:22 Asia/Almaty
Италияның оңтүстігіндегі Кампания аймағына қарасты Казертадағы Санта Мария Капуа Ветера түрмесінде 2020 жылдың 6 сәуірінде түрме күзетшілерінің тұтқындарды ұрып тастағаны туралы видео жарияланғаннан кейін, бұл елдің Әділет министрі Марта Картабия түрменің 52 қызметшісін қатыгездік қолдануымен айыптап, жұмысынан шығарылды. Жарияланған видеода полиция қызметкерлері мүгедектер арбасында отырған мүгедекті ұрып-соғып жатқаны көрсетілді.