Путин Батыстың қысымына қарсы Беларусьті қолдауды жалғастыратынын қуаттады
(last modified Sat, 03 Jul 2021 16:27:15 GMT )
Шіл 03, 2021 22:27 Asia/Almaty
  •  Путин Батыстың қысымына қарсы Беларусьті қолдауды жалғастыратынын қуаттады

Ресей Президенті Владимир Путин онлайн режимінде өткен сегізінші Ресей-Беларусь аймақтық саммитінде Мәскеудің бұл елге жан-жақты көмегін жалғастыратынын қуаттады.

Путин Беларусьтің Ресеймен жақсы көрші және жақын одақтас екеніне тоқталып, Мәскеудің бұл елге Еуроодақ санкцияларына қарсы тұруда көмек көрсетуін жалғастыратынын мәлімдеді. Беларусь Президенті Александр Лукошенко да бұл басқосуда: «Ресей мен Беларусь Батыстың санкциялары мен қысымдарына қарсы тұралы»,- деді.

Ryanair жолаушылар ұшағының шұғыл қонуы мен беларуссиялық оппозициялық блогердің тұтқындалуынан кейін Еуропа мен Беларусь арасындағы шиеленістің ушығуынан кейін, батыстықтар бұл әрекетті айыптап, Беларуське қарсы санкциялар енгізді. 2021 жылы 23 мамырда Лукашенконың бұйрығымен бұл елдің Әуе күштерінің истребителі Ryanair компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағын қонуға мәжбүр етті. Ол ұшақ ішінде бомба бар деген жаңалыққа сүйене отырып, оны мәжбүрлеп қондруды бұйырды. Қауіпсіздік күштері ұшақтан ешқандай бомба таппады, бірақ Литвада тұратын Лукашенконың қарсыластарының бірі блогер Роман Протасевичті тұтқындады. Беларусьтің қауіпсіздік агенттіктері оны қауіпті террористер тізіміне тіркеген. Беларусь бұл айыптауларға реакция білдіріп: «Ұшақты қондыру заңды болды»,- деп жариялады. Бұл мәселе Батыстың қысымды күшейтуге және Беларуське жаңа санкциялар салуға сылтау болды. Алайда бұл санкциялардың тиімділігі өте күмәнді. Саяси сарапшы Страйд Самның пікірінше, «ЕО-ның проблемасы оның санкциялар жариялап, санкциялар салудан басқа амалдың жоқтығында. Бірақ санкциялардың әсер болмайтынлығы дәлелденген жәйт».

2020 жылғы тамыз айындағы президенттік сайлауда Александр Лукашенконың қайта сайлануынан бастап, Беларусьте наразылықтар басталды және қарсыластары оның биліктен кетуін талап етті. Алайда Батыс тарапынан кең қолдау тапқан бұл наразылықтар ешбір нәтижеге жетпеді. Батыс әрдайым Беларусьтегі наразылықтарды Шығыс Еуропада және Ресейге қарсы өзінің ұлы мақсаттарына жетудің таптырмас мүмкіндігі ретінде қарастырды. Осыған байланысты АҚШ пен Еуроодақ наразылық білдірушілерді түрлі-түсті революция жасауға қолдады, енді олар саяси қысым мен жаңа санкцияларды күшейту арқылы өздерінің араласуын күшейтті. Еуропалық Одақ  және АҚШ сонымен бірге Александр Лукашенконы Беларусьтің жаңадан сайланған президенті ретінде мойындамайтындықтарын мәлімдеді және Беларуссия үкіметінің наразылық білдірушілерге деген қарым-қатынасын бірнеше рет сынады. Еуропалық Одақ (ЕО) және АҚШ сонымен бірге Александр Лукашенко Беларуссияның сайланған президенті ретінде мойындамайтындықтарын мәлімдеді және Беларуссия үкіметінің наразылық білдірушілерге деген қарым-қатынасын бірнеше рет сынға алды. Украинадан Беларуссияға көптеген мөлшерде қару-жарақ әкелінеді. Сондықтан мен шекараны күзететін күштерге елдің Украинамен шекарасын толығымен жабуды бұйырдым. Беларусь батыстықтардың елді және Лукашенконы әлсірету үшін үздіксіз саяси, экономикалық және қазіргі әскери және қауіпсіздік қысымына қарсы Ресейдің кең қолдауына ие болды. Мәскеудің Беларусьті қолдауы Батыстың үстемдігіне қарсы үкіметке көмектесуге, сондай-ақ Батыс агрессиясына қарсы тұруға бағытталған. Еуроодақ пен АҚШ-тың басты мақсаты Лукашенконы құлату және Ресейге көршілес елде билік басына батысшылды әкелу.