Америкада ұшақ үй үстіне құлады
Шіл 14, 2021 14:32 Asia/Almaty
Калифорния штатындағы Монтерей әуежайының жанындағы үйдің үстіне құлаған шағын ұшақтың ұшқышы қайтыс болды. Үй тұрғындарынан зардап шеккендер туралы мәлімет әлі жарияланбады. Бұған дейін жолаушылар ұшағы Миссисипидегі Геннисбург ауданы тұрғындарының үйлеріне құлап, төрт адам қаза тапқан.