Біржақтылық; бүкіл әлем үшін сын-қатер
Біржақтылық жаһандық сын-қатерге айналды. Бұл қатермен күресудің жолы - халықаралық деңгейдегі ұжымдық іс-қимыл және көпжақтылықты нығайту.
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Қосылмау қозғалысының сыртқы істер министрлерінің кезеңдік отырысында сөйлеген сөзінде бұл мәселені шешу керектігін қуаттады. Біржақтылық - бұл барлық елдердің тағдырына және халықаралық қатынастарға кері және жойқын әсер еткен көп қырлы қауіп. Дәлірек айтсақ, американдық біржақтылық халықаралық қауымдастыққа көптеген проблемаларды жүктеді.
Француз сарапшы және «Иранға санкциялар салу және оның әсері» кітабының авторы Александр Остин АҚШ-тың біржақты санкцияларын Вашингтон үкіметінің билеп-төстеуінің көрінісі деп біліп: «АҚШ санкциялары Иран, Венесуэла немесе Куба сияқты елдердің құқығын бұзды. Осы себепті Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар біржақтылықты жағымсыз әсерлері үшін, сондай-ақ бұл санкциялардың көпжақтылықпен айқын қайшылығы үшін айыптады»,- деді. Үкіметтердің бұл әрекеттерге үнсіз қалуы АҚШ-тың біржақты әрекеттері сияқты зиянды және қауіпті екені анық. Себебі бұл үнсіздік ұзақ мерзімді перспективада халықаралық тәртіпті бұзуға әкеледі. Сондықтан халықаралық қауымдастық бұған қарсы болып, көпжақтылық пен заңдылықты қолдауы керек. Зарифтің Қосылмау қозғалысының виртуалды отырысындағы осыған байланысты ескертулері көпжақтылықты нығайтуға терең әсер ететінін және сол бойынша әрекет ететін маңызды сәтті көрсетеді. Біріншіден, әлемдік әсерлері бар біржақтылықтың салдарына назар аударылады, сол себепті оған жаһандық аренада қарсы тұру керек. Екіншіден, халықаралық қауымдастық өз құқықтарын американдық біржақтылықтан қорғау үшін оларды орындауға міндетті. АҚШ-тың біржақтылығынан туындаған қиындықтарды ескере отырып, көпжақтылық жаһандық дағдарыстар мен сын-қатерлерге лайықты жауап қайтарудың жалғыз жолы деп айтуға болады.