Ресейдегі қорқынышты қылмыстық түрме табылды
Шіл 20, 2021 11:40 Asia/Almaty
Ресейдің жергілікті полициясы Санкт-Петербургтің шетінде қорқынышты қылмыстық түрмені тапты.
Жас репортерлер клубының мәліметінше, алдын-ала жүргізілген зерттеу жұмыстар түрменің Санкт-Петербургтің шетіндегі 44 шақырымдық вилланың жертөлесінде жасырын тұрғанын және мафиялық топқа тиесілі болғанын көрсетті. Бұл мафиялық тобы жиырма жыл бойы бай адамдарды ұрлап, тапсырыспен кісі өлтіру арқылы ақша тапқан. Мамандардың айтуынша, қорқынышты түрмеде көптеген камералар, өртеу қондырғылары мен бейнебақылау камералары болған, ал түрменің төбесі мен қабырғалары темір мен бетоннан тұрғызылған, сондықтан қашу мүмкіндік болмаған.