Путин, Тоқаев және Назарбаев бүкіл әлем мұсылмандарын Құрбан айтпен құттықтады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i54062-Путин_Тоқаев_және_Назарбаев_бүкіл_әлем_мұсылмандарын_Құрбан_айтпен_құттықтады
Ресей мен Қазақстан басшылары әлем мұсылмандарын Құрбан айтпен құттықтады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 20, 2021 13:59 Asia/Almaty
  • Путин, Тоқаев және Назарбаев бүкіл әлем мұсылмандарын Құрбан айтпен құттықтады

Ресей мен Қазақстан басшылары әлем мұсылмандарын Құрбан айтпен құттықтады.

 

Жас журналистер клубының мәліметінше, Владимир Путин Құрбан айттың тамырының тарихта жатқанын айта келе: «Бұл айт мерекесі мүміндерді адамзаттың негізгі бастауларына, құндылықтарына, исламның тамырларына, мейірімділікке, әділеттілікке, тақуалыққа және ұқыптылыққа айналасындағылармен достық қарым-қатынас орнатуға шақырады»,- деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жерлестері мен бүкіл әлем мұсылмандарын Құрбан айтпен құттықтап, мұсылмандарға тән мейірімділік пен адамгершілікті қуаттады.  

Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құттықтауында моральдық-рухани құндылықтарды, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы бірлік пен сыйластыққа ерекше назар аудартып,   елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, ізгіліктің нышаны болып табылатын жақсылық жасау, руханиятты нығайту және мұқтаж жандарға көмек көрсету маңыздылығын атап өтті.