Ирандық делегация Ресейдегі халықаралық әуе-ғарыш көрмесін аралады
Иран Қорғаныс министрінің орынбасары Амир Хаджефард Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали және іргелі ғылымға негізделген 35 компанияның өкілдерімен бірге сәрсенбі күні Мәскеудің шығысында орналасқан Жуковский қалашығындағы әуе көрмесіне барып, павильондарды аралады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің MAX-2021 он бесінші халықаралық әуе-ғарыш көрмесіне Иранның Қорғаныс министрлігі мен іргелі ғылымға негізделген 35 компания қатысып, елдің ең жаңа ғылыми-технологиялық жетістіктерін көрсетті.
ИИР Қорғаныс министрлігінің павильонында әуе-ғарыш саласына қатысты маңызды дамыған құрал-жабдықтар мен бөлшектер, соның ішінде ұшқышсыз ұшақтар, түрлі тікұшақтар мен ұшақтың моторы қойылған.