Катар Сыртқы істер министрінің Теһранға сапары
Иранның қалаулы президенті сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні Теһранда Катар Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Але Санимен кездесуінде Иранның сенімді дос әрі мықты серіктес екенін дәлелдегенін айтып: «Иран өз көршілеріне жақсылық тілейді»,-деді.
Теһран мен Доха қарым-қатынасы екіжақты саяси-экономикалық байланыстармен қоса, аймақтағы қазіргі өзгерістер тұрғысынан да маңызды. Бұл салада көңіл аударуға тұрарлық маңызды жайттардың бірі – қалаулы президенттің аймақтық және халықаралық мәселелерді шешуде өзара түсіністік пен келіссөздер тәсілін ұстануы.
Басқа бір маңызды жайт – Иранның ұжымдық қауіпсіздікті сақтап, екі және көпжақты әріптестік жасау қажеттігін баса айтуы.
Қалаулы президент бұдан бұрынырақ Катардың әмірімен телефон арқылы сұхбатында: «Теһран көршілес елдермен, соның ішінде Катармен өте жақсы қарым-қатынаста болуды қалайды»,-деді.
Раиси қысым мен санкцияға қарамастан екіжақты қатынасты жоғарылатуды екі ел байланысының тұрақты кепілі деп атады.
Иранда он үшінші үкіметтің іске кірісуі қарсаңында Катар Сыртқы істер министрінің Теһранға іссапармен келуі ерекше жолдауларға ие.
Бұл қарым-қатынастағы маңызды жайт – ұжымдық қауіпсіздікті қалыптастыру. Бұл – жаңа үкіметтің «Аймақтағы сыртқы саясат доктринасының» басты тарауы. Сыртқы саясаттағы осы принципке баса назар аудару аймақ елдері үшін бейбітшілік, тұрақтылық және қарқынды дамуды сыйлай алады.
Осы тақырып президенттің басқа дос және көрші елдер басшыларымен телефон арқылы сұхбатында да талқыланды.
Бұл мына шындықты білдіреді: Иран көршілес елдермен әрдайым келіссөз жүргізуге дайын. Парсы шығанағы аймағы қазір басқа кезден көбірек достық қарым-қатынас пен интеграцияны қажет етеді. Аймақта қауіпсіздікті сақтау бөгделердің болуы мен қару-жарақ бәсекесін қажет етпейді. Тек аймақ елдері айып тағу мен жалған уәж айтудан алшақ болуға ерік-жігер танытса болғаны.
ИИР-ның бейбіт диалог өткізуге дайындығы көпқырлылық принципін сақтай отырып, аймақтық қатынасқа бөгделердің араласуын нөлге жеткізу және баршаға ортақ тұрақты қауіпсіздік тудыру жолында әрекет етуге негізделген.