Түркияның Милас қаласы апат алдында тұр
Түркиядағы алапат өрт Милас қаласындағы жылу электр стансасына жетті. Кейбір жергілікті ақпарат көздері қаланың көп бөлігінің босатылғанын хабарлады.
Түркияның орман басқармасының хабарлауынша, 28 шілде мен 3 тамыз аралығында елдің 38 облысындағы ормандарда 154 өрт жағдайы тіркелді. Осы жағдайлардың 145-і ауыздықталды. Ал 4 облыстағы 9 өрт жалғасып жатыр.
Өткен 7 күнде Түркияның оңтүстік және оңтүстік-батысындағы жүздеген гектар орманды алқап күлге айналды, ондаған тұрғын аудан босап қалды, орманды аудандағы тау етегінде орналасқан үйлердің көбі өртеніп кетті.
Табиғи апаттарды басқару ұйымы өрттен осы уақытқа дейін 8 адам қаза ауып, 500-ге жуық адамның жараланғанын хабарлады.
Аймақ елдері, соның ішінде Иран, Ресей, Украина мен Әзірбайжан республикасынан жіберілген өрт сөндіруші ұшақтар мен тікұшақтар Түркияға көмектесіп жатыр.