Токиода пышақпен шабуыл жасалды
Там 07, 2021 11:03 Asia/Almaty
Токиодағы бір пойызда белгісіз адам пышақпен жолаушыларға тап беріп, 10 адамды жаралады. Жаралылар ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр деп хабарланды. Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан қашып кетті, бірақ кейін полиция қызметкерлері оны бір мейрамханадан ұстап алды.