АҚШ əскерилерінің шығарылуы - Батыс Азияда қауіпсіздік орнатудың алғышарты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i54476-АҚШ_əскерилерінің_шығарылуы_Батыс_Азияда_қауіпсіздік_орнатудың_алғышарты
АҚШ əскерилерінің Батыс Азияда ұзақ жылдар бойы орналасуы аймақта, соның ішінде Ауғанстан, Ирак, Сирияда қауіпсіздік жағдайдың ушығуына, тайпааралық текетірестердің тууына жəне аймақта лаңкестік топтардың пайда болуына əкеліп соқтырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 09, 2021 14:39 Asia/Almaty
  • АҚШ əскерилерінің шығарылуы - Батыс Азияда қауіпсіздік орнатудың алғышарты

АҚШ əскерилерінің Батыс Азияда ұзақ жылдар бойы орналасуы аймақта, соның ішінде Ауғанстан, Ирак, Сирияда қауіпсіздік жағдайдың ушығуына, тайпааралық текетірестердің тууына жəне аймақта лаңкестік топтардың пайда болуына əкеліп соқтырды.

Осы ішкі іске араласушылықтардың маңызды бөлігі Ирак елін басып алғаннан кейін орын алды.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сардар Хұсейн Салами жексенбі күні Ирактың Хашд əш-Шаби күштерінің қолбасшысы Фатих əл-Файязбен кездесуінде осы қарсыласу күштерінің Ирак халқының ДАИШ-ты жеңуінде жəне осы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін мадақтап, осы саладағы маңызды жайтқа тоқталды.

Генерал-майор Салами: "Иракта қалыптасқан қарсыласу қозғалысы америкалықтарды əлсіретіп, олардың шығынын көбейтіп, екі оттың арасына салды. Егер АҚШ қалса, зор шығынға батады. Ал егер Ирактан шықса, жеңіліс табады",-деді.

АҚШ күштерінің аймақтан шығарылуы қауіпсіздік қоқан-лоққыларды азайтумен қоса, аймақтағы экономикалық əріптестіктердің қайта басталуына себеп болады. Бірақ əлі АҚШ, Ұлыбритания мен басқа да шетелдік ойыншылардың аймақтан шығуға қаншалықты дайын екені белгісіз.

Бөгде күштердің аймақтағы ықпалының арта түсу көрсеткіштерінің бірі мынау: олардың заңсыз талаптарынан бас тарту өте қиын. Америкалықтар да осы негізде аймақта ойыншыларды жақсы жəне жаман елдерге бөліп, өзінің əскери араласушылықтарын жалғастыруға қатты қызығады. Бірақ бұл үдеріс аяқталу үстінде. Өйткені қарсыласу қозғалысы Батыс Азиядағы əскери-қауіпсіздік теңгерімін жапа көрген халықтардың пайдасына өзгерте алды.

"Куинси" зерттеу институты АҚШ-тың лаңкестікпен күрес сылтауымен ішкі істерге араласып, соғыс ашқанына тоқталып: "Əскери араласушылық саясаты тəкфирлік идеологияны жоймағаны жəне тайпалар мен ағымдар арасындағы текетірестердің тамырын жоя алмағаны былай тұрсын, қазір Ауғанстан демократия мен дамудан мақрұм қалды, тіпті орталықтанған біртұтас үкіметтен айырылды. Иракта да ешқашан қажет болмаған ішкі тартыстар мен қатігездіктер қайта басталды.

Жетістіктің жоқтығы АҚШ-тың орасан зор шығындарына мүлде сəйкес келмейді. Трамптың төрт жыл Ақ үйде болуы Батыс Азия аймағын одан ары тұрақсыздандырды. Оның Израильді қалтқысыз қолдауы Ақ үйді аймақ қауіпсіздігіне қарсы шараларды көбейтуге итермеледі. Алайда қазір қарсыласу қозғалысының аймақтағы басқыншыларға жауап беретін кезі келді.