Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Иран үкіметі мен халқынан кешірім сұрады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i54568-Теһрандағы_Ұлыбритания_елшісі_Иран_үкіметі_мен_халқынан_кешірім_сұрады
Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Ресей елшісімен түскен суреттің жариялануына қатысты түсініктеме беріп, Иран үкіметі мен халқынан кешірім сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 13, 2021 19:38 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Иран үкіметі мен халқынан кешірім сұрады

Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Ресей елшісімен түскен суреттің жариялануына қатысты түсініктеме беріп, Иран үкіметі мен халқынан кешірім сұрады.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Саймон Шерклифф бейсенбі күні  Иран СІМ-не шақыртылып, түсініспестік болғанына өкініш білдіріп: «ИИР үкіметі, халқы мен тарихына құрмет білдіре отырып, бұл суреттің астарында ешқандай теріс ниеттің болмағанын баса айтамын»,-деді.

Теһрандағы Ұлыбритания елшісі: «Ресей мен Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияға қарсы одақтас болғанын еске түсіру ғана көзделді»,-деді.

Теһрандағы Ресей елшісі Леван Джагарян да бейсенбі күні жарияланған суретке қатысты түсініктеме беру үшін ИИР СІМ-не шақыртылды.

Ресей елшісі: «Бұл фотосурет Ресей мен Ұлыбританияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияға қарсы одақтасқанын еске түсіру үшін ғана жарияланды. Оның артында Иранға қарсы ешқандай пиғыл болған жоқ»,-деді.