Қытай мен Қырғызстанның шекарасында екі ирандық альпинисті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр
Там 18, 2021 12:10 Asia/Almaty
Қытай мен Қырғызстанның шекарасында 7439 метрлік Жеңіс шыңына шығу барысында екі ирандық альпинист таудан құлаған. Иранның Бішкектегі елшілігі оқиғаны тексеруді бастап кетті.
Иранның Бішкектегі елшілігі Қырғызстан басшыларымен байланысқа шығып, осы екі альпинисті іздестіруге қатысты соңғы шаралардан хабардар болып отыр.
Қытай жерінде де арнайы құтқарушылар тобы мен дрон жіберіліп, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ əлі нәтиже жоқ.
Қытай мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Жеңіс шыңы - əлемде көтерілу жолы ең қиын шыңдардың бірі.