Ирандық бану халықаралық мотокросс жарысына қатысады
Там 20, 2021 11:01 Asia/Almaty
Халықаралық мотоцикл федерациясы ирандық Фахима Нематуллахиге Түркияда өтетін жарысқа қатысуға рұқсат берді.
Әйелдер арасында халықаралық мотокросс жарысы (WMX) 5 қыркүйекте Түркияда өтеді. Халықаралық мотоцикл федерациясы Иран федерациясының ұсынысын қабылдап, Фахима Нематуллахидың осы жарысқа қатысатынын растады.
Иранның мотокросс чемпионы Фахима Нематуллахи ирандық әйелдер арасында алғаш болып әлемдік турнирге қатысады.
Тегтер