Байден тағы да сөзден жаңылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i54770-Байден_тағы_да_сөзден_жаңылды
Әдетте сөздерді қате айтуымен жұрт назарына ілігетін АҚШ Президенті тағы да жаңылысып, әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылардың сынына ұшырады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 23, 2021 11:41 Asia/Almaty

Әдетте сөздерді қате айтуымен жұрт назарына ілігетін АҚШ Президенті тағы да жаңылысып, әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылардың сынына ұшырады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, 78 жастағы АҚШ Президенті Джо Байден Ауғанстанның жағдайы жайлы сөз сөйлеу барысында Катардың астанасы Доханы «Доху» деп атады.

Сондай-ақ осыдан біраз бұрын сандарды дұрыс түсіне алмайтын және тіпті дайын мәтінді дұрыс оқи алмайтын АҚШ Президенті ашық қателік жіберіп: «350 млн америкалық вакцинацияланды»,-деп уәж айтты.