Путин босқын ауғандарды Орта Азияда орналастыру жобасын қатты сынады
(last modified Mon, 23 Aug 2021 14:55:40 GMT )
Там 23, 2021 20:55 Asia/Almaty
  • Путин босқын ауғандарды Орта Азияда орналастыру жобасын қатты сынады

Ресей Президенті Владимир Путин жексенбі күні: «Батыс елдерінің АҚШ пен Еуропа визасын алғанға дейін босқын ауғандарды Орта Азияда орналастыру жобасы – масқара»,-деді.

Оның айтуынша, осылайша бізге көршілес елдерде визасыз босқын ауғандарды орналастыруға болады, бірақ оларды АҚШ-та визасыз орналастыру мүмкін емес. Босқындар мәселесін шешуде бұл неткен масқара шешім жолы!??

Путин: «Орта Азия елдері – біздің ең жақын серіктестеріміз. Біздің олармен ортақ шекарамыз бар. Бірақ визалық шектеу жоқ. Егер босқындар осы елдерге кірсе, олардың кім екенін қайдан білеміз? Олардың арасында қандай адамдар барын қайдан білеміз?»,-деді. Путиннің көзқарасынша, бұл мәселе Ресей үшін қауіпсіздік тұрғысынан үлкен қатер тудырады.

Путиннің Батыс елдерінің жағдайы тексеріліп, виза берілгенге дейін босқын ауғандарды Орта Азияда орналастыру жобасына қатаң ұстаным білдіруі Мәскеудің Батыс елдері мен басқалардың астамшыл көзқарасына ашулы екенін көрсетті. Мұнда Орта Азия елдері екінші дәрежелі елдер ретінде қаралған. АҚШ пен Еуропа үшін бұл елдердің қауіпсіздігі маңызды емес.

Мәскеу Ауғанстандағы дағдарыстың қауіпсіздік тұрғысынан көршілес елдер, соның ішінде Орта Азияға салдары болуы ықтималын айтып, сан рет алаңдаушылық  білдіріп, тиісті шаралар атқарылуын сұраған. Лаңкестік топтардың, әсіресе әл-Каида мен ДАИШ мүшелерінің босқын ретінде Орта Азия мен Ресейге енуі қауіпсіздік тұрғысынан қатер төндіретіні туралы мәселе Ресейдің саяси-қауіпсіздік басшылары тарапынан сан рет айтылды.

Мұнымен қоса, Путин әлемдік қауымдастықтан Ауғанстанның құлдырауының алдын алуды сұрады. Ресей Президентінің бұл талабы Ауғанстандағы ішкі құлдырау және босқындар легінің көршілес елдерге ағылуы салдарынан хабардар болғандықтан айтылды.

Орта Азияға жапсарлас жатқан Ресей үшін мұның тікелей апатты салдары болуы мүмкін.  

Қытайдың саяси істер жөніндегі ұстазы Фен Хенгда (Fen Hengda): «Ауғанстандағы дүрбелең басқа елдерге жайылып, аймақта бейберекеттік тудыруы мүмкін»,-деді.

Тегтер