Ресейде әскери қару-жарақтар мен құрал-жабдықтар көрмесі ашылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i54808-Ресейде_әскери_қару_жарақтар_мен_құрал_жабдықтар_көрмесі_ашылды
Мәскеу маңында «Армия-2021» атты жетінші әскери көрме басталды. Ресей астанасының маңындағы «Патриот» кешенінде ел басшысы Владимир Путиннің қатысуымен «Армия-2021» атты жетінші әскери көрменің ашылу рәсімі өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 25, 2021 08:51 Asia/Almaty

Мәскеу маңында «Армия-2021» атты жетінші әскери көрме басталды. Ресей астанасының маңындағы «Патриот» кешенінде ел басшысы Владимир Путиннің қатысуымен «Армия-2021» атты жетінші әскери көрменің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеде  Ресейдің қорғаныс саласында жаңа технология негізінде жасалған қару-жарақтар, соның ішінде ұшқышсыз ұшақтар, сауытты көліктер мен әуе қорғаныс кешендерінің таныстырылымы болды.

Ресейдің жаңа ұшқышсыз ұшақтарын жобалаушылар: «Бұл ұшақтар эскадрон қалыбында әрекет етеді. Әуе қорғаныс кешендеріне оларды анықтау және жою қиынға соғады, тіпті мүмкін болмайды десе болады»,-дейді.