Америкалық күштерді Ауғанстаннан шығару амалы аяқталды
Пентагон Кабул әуежайынан соңғы америкалық жүк ұшағы ұшып кеткенін жариялағаннан кейін АҚШ Президенті Джо Байден мәлімдеме жасап: «АҚШ-тың Ауғанстанда 20 жылға созылған әскери миссиясы аяқталды»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Батыс Азиядағы лаңкестік күштерінің қолбасшысы Кент Маккензи бірнеше сағат бұрын тілшілерге берген сұхбатында: «АҚШ-тың соңғы С-17 жүк ұшағы Кабул халықаралық әуежайынан ұшып шықты. Ауғанстаннан әскери күштерді эвакуациялау амалы аяқталды»,-деді.
Байден: «Ауғанстаннан әскери күштерді әуе жолымен шығару АҚШ армиясы ортақ штабының басшысы мен аймақтағы қолбасшылардың кеңесі болды. Олардың ойынша, бұл – америкалық әскерилердің жанын сақтап қалудың ең жақсы тәсілі»,-деді.