Иран мен Ресей әлем армияларының сүңгуіршілер сайысында бірдей жеңіске жетті
Қыр 01, 2021 10:51 Asia/Almaty
Иран мен Ресей командалары VI Army-2021 халықаралық әскери жарыс аясында өткен тереңге сүңгу сайысында бірге бірінші орын алды.
Систан мен Белуджистан облысының Конарак айлағында өткен 2021 жылғы тереңге сүңгу сайысының алтыншы кезеңінің соңында Иран мен Ресей командалары бірге бірінші орын алды. Қытай мен Сирия командалары екінші және үшінші орындарға тұрақтады.
22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Конарак айлағында Иран армиясы стратегиялық теңіз күштерінің үшінші аймағында әлемнің 6 елінен 100 спортшының қатысуымен халықаралық әскери жарыс өтті.