Колумбияда 2 тоннадан аса кокаин анықталды
Қыр 06, 2021 10:24 Asia/Almaty
Колумбия полициясы бір кемеден 2 тоннадан аса есірткі затын анықтады.
Кокаин химиялық тыңайтқыштар қабына салынып, бір контейнерге жасырылған екен. Бұл жүк Мексикаға жеткізілмекші болған. Колумбия басшыларының айтуынша, осынша көлемдегі есірткі затының құны – 37 млн доллар.