Сайлауалды науқанында Трюдоға тас атылды
(last modified Tue, 07 Sep 2021 15:40:25 GMT )
Қыр 07, 2021 21:40 Asia/Almaty

Жүздеген канадалық наразы сайлауалды науқаны кезінде Джастин Трюдоның сайлау штабының автобусын қоршауға алып, кейбіреулер оған қарай тас лақтырды.

Канаданың Премьер-министрі әрі либералдық партиясының жетекшісі Джастин Трюдо дүйсенбі күні сайлауалды жиыны кезінде наразылардың шабуылына ұшырап, оның автобусы қоршап алынды.

Ол өткен аптада Онтарионың Болтон ауданындағы сайлауалды жиынын да наразылар оқиға орнына кірген соң өткізбеуге мәжбүр болды.   

Джастин Трюдоның коронавирусқа қарсы вакцинациялауды қолдағаны, карантиндік шектеулер енгізуге келіскені және барлық федералдық қызметкерлердің вакцинациялануы қажеттігі, болмаса, жұмыстан шығарылатынын айтуы наразылардың ашу-ызасын тудырды.