Адам құқығын қорғау ұйымы Еуропаның ауған мигранттарына қатысты антигуманистік қатынасын сынады
(last modified Tue, 07 Sep 2021 17:27:35 GMT )
Қыр 07, 2021 23:27 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғау ұйымы Еуропаның ауған мигранттарына қатысты антигуманистік қатынасын сынады

Адам құқығын қорғау ұйымы Еуроодақтың ауған мигранттары дағдарысына қатынасын сынап, оны адамгершілікке жат тасжүректік деп атады.

Осы ұйымның айтуынша, Еуроодақтың басшылары тілеулестік пен жанашырлық білдірудің орнына ауған мигранттарына «Ауғанстаннан қашқан адамдар Еуропада қауіпсіз пана табамыз деп ойламауы керек» деп мәлімдеме жасады.  

Адам құқығын қорғау ұйымы Еуроодаққа мүше елдер басшыларының 31 тамызда өткізген жиналысына тоқталып: «Аустрия, Дания және Чехия өкілдері шын мәнінде ауғандарға Ауғанстанда қалғандарыңыз дұрыс, біз сіздерге Еуропадан қолдау көрсетеміз деп айтты»,-деді. Қазіргі таңда Еуроодаққа мүше елдер өздерінің жауластық ұрандарын бүлдіргі әрекеттермен сәйкестендіріп жатыр. Адам құқығын қорғау ұйымы Еуроодақтан ауған мигранттарына адамгершілік қатынас көрсетіп, оларға құрмет білдіріп, құқықтарын кепілдендіріп, олардың Еуропада бассауға алу өтінішін қабылдауын сұрады.

Адам құқығын қорғау ұйымының Еуроодақ пен оған мүше елдердің ауған мигранттарына қатынас түрін сынауы Батыс елдерінің шынайы бейнесін ашып, адам құқығы туралы уәждерінің жалған екенін көрсетті.

Шын мәнінде Ауғанстанның қазіргі жағдайы мен саяси-адами дағдарысы – АҚШ пен оның НАТО-дағы серіктестерінің осы елді 20 жыл бойы бақылауда ұстағанының нәтижесі. АҚШ пен НАТО күштері Ауғанстанға тынышсыздық, кедейлік, есірткі заттары өндірісі мен терроризмнің артуынан басқа ештеңе берген жоқ. АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстаннан асығыс кетуі бұл елде дүрбелең туып, ақырында Талибан тобының елдегі билікті қолға алуына себеп болды. Сондықтан қазіргі таңда Батыс елдері, әсіресе Еуропа Ауғанстандағы ауыр жағдайға және ауған мигранттарының жаңа толқынына тікелей жауапты. Ауған мигранттары Талибан билігінен қашып, қатерлі болса да, Еуропаға жол тартуда.   

Талибан билікке келгеннен кейін ауғандардың Ауғанстаннан босуы  Еуроодақ елдерінің алаңдаушылығын тудырды. Ауғандар Еуропаға ағыла бастаған соң Еуроодақ елдері 2015 жылғы босқындар дағдарысына ұқсас дағдарыс болуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Еуроодаққа мүше елдердің министрлері сейсенбі күні Брюссельде бас қосып, Ауғанстаннан келетін мигранттардың ауқымды толқынына қатысты ортақ шара мен саясат қабылдау жайлы кеңесті. Бірақ бұл отырыс ауған мигранттарымен қатынаста ортақ шешімге келмей аяқталды.

Жалпы еуропалықтар осы салада қатаң ұстаным білдірді. Еуропа басшылары, соның ішінде Аустрия канцлері ауған мигранттарына қатысты қатаң ұстаным білдіріп, оларға Еуропаға келіп, жасыл құрлық елдерінен виза алудан үміттенбей-ақ қойсын деп ескертті.   

Германия Ішкі істер министрі Хорст Зихофер (Horst Seehofer) ауған мигранттарын қайта орналастыруға қатысты ескерту жасап, бұл мәселе көп адамды Еуропаға келуге ынталандыратынын айтып: «Біз мұны қаламаймыз»,-деді.

Еуропалықтардың ұстанымдары мен шараларының мынадай бір айқын жолдауы бар: жасыл құрлық елдері ауған мигранттарының жаңа легінің келуін қаламайды. Бұл жағдай  Еуропаның Ауғанстан дағдарысына қатысты толық жауапсыздығын көрсетеді. Ал негізі олардың өздері осындай жағдайдың қалыптасуында себеп болды.

Еуропа істері жөніндегі сарапшы Жан-Льюис Де Брауер (Jean-Louis De Brouwer): «Ауған мигранттарына қатысты ұсынылған шешім жолдары Еуроодақтың геосаяси әлсіздігін көрсетеді»,-деді.

Тегтер