Ирандық фильм Ресейдің Қазан кинофестивалінде ең үздік сценарий атанды
Қыр 11, 2021 16:42 Asia/Almaty
Иранның "Сами" атты фильмі Ресейдің Қазан қаласында өткен XVI халықаралық кинофестивальдің байқау бөлімінде ең үздік сценарий жүлдесін жеңіп алды.
Хабиб Бави Саджедтің режиссерлігімен түсірілген "Сами" көркем фильмі Иранның жалғыз өкілі ретінде алғаш рет Ресейдің Қазан қаласында өткен XVI халықаралық кинофестивальдің "Толық метражды көркем фильмдер" байқауында ең үздік сценарий жүлдесін жеңіп алды.
XVI Қазан кинофестивалі түрлі елдердің режиссерлері түсірген туындылардың қатысуымен 2021 жылы 5-10 қыркүйек аралығында Ресейдің Қазан қаласында өтті.