Ислами МАГАТЭ-нің бас директорымен техникалық мәселелер жөнінде пікір алмасты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i55210-Ислами_МАГАТЭ_нің_бас_директорымен_техникалық_мәселелер_жөнінде_пікір_алмасты
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «МАГАТЭ-нің бас директорымен техникалық мәселелер жөнінде пікір алмасылды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 12, 2021 18:26 Asia/Almaty
  • Ислами МАГАТЭ-нің бас директорымен техникалық мәселелер жөнінде пікір алмасты

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «МАГАТЭ-нің бас директорымен техникалық мәселелер жөнінде пікір алмасылды»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами Рафаэль Гроссидің болашақта Теһранға тағы келетінін айтып: «Агенттік камераларының сақтау карталары ауыстырылатын болып келістік. Бұл шара ядролық қауіпсіздікті кепілдендіру аясында жасалады»,-деді.

Ислами бүгін өте сындарлы келіссөз жүргізілгенін айтып: «Келіссөздерде үстем болған көңіл-күй әріптестікті дамытуға мұрсат тудырды. Екі ел арасындағы әріптестік техникалық сипатта, сондықтан саяси мәселелерге орын жоқ»,-деді.

Рафаэль Гросси Исламимен кездескеннен кейін Иран мен МАГАТЭ арасында  түрлі тақырыптарда келіссөз жүргізілуі керектігін айтты.