Башар Асад пен Путин Кремльде кездесті
Сирия Президенті хабарланбаған сапармен Мәскеуге барып, Кремльде Ресей Президентімен кездесті.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл кездесуде Владимир Путин Башар Асадты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап: «Сайлау нәтижелері халықтың сенімін көрсетеді, өткен жылдардағы барлық проблемалар мен қайғылы жағдайларға қарамастан, Сирия халқы әлі де елдің қалпына келуі мен қалыпты өмірге оралуын сізбен байланыстырады»,- деді. Кейбір ақпарат құралдарының мәліметіше, Сирия Президенті Башар Асадтың ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Мәскеудегі кездесуі кеше (дүйсенбіде) өтті.
«Спутниктің» хабарлауынша, Владимир Путин Башар Асадпен Сирияда шетелдік қарулы күштердің заңсыз болуы туралы да сөйлесті. Сирия Президенті Башар Асад Ресей Президенті Владимир Путинмен сұхбатында екі елдің халықаралық терроризммен күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін баса айтты.