Раиси: Иран-Армения қарым-қатынасы әрқашан достық және сындарлы болды
ИИР Президенті Иран мен Армения арасындағы тарихи қарым-қатынастар әрқашан достық және сындарлы болғанын айта отырып: «Саяси басшылардың ерік-жігерінің арқасында Теһран мен Ереван арасындағы кең ауқымды экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін белгілеуге болады»,- деді.
Раиси Тәжікстанға сапарының екінші күні Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуінде Иран мен Армения арасындағы экономикалық қарым-қатынасты арттыру қажеттігіне тоқталды. Раиси: «Экономикалық мәселелер бойынша, соның ішінде энергия алмасу, тасымалдау, бірлескен өндірістік жобалар мен қаржы айрбас саласында мамандандырылған жұмыс топтарын құру екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жақсартуда жақсы ынталандыру мен бетбұрыс бола алады»,- деп сөзін жалғады.
Армения Премьер-министрі де көршілес елдермен қарым-қатынасты кеңейтуді өз елінің сыртқы саясатының басты мәселелерінің бірі екенін айтып: «Иранның аймақтағы рөлі әрқашан тұрақты болды және біз Иранның аймақтық мәселелерді шешудегі бастамаларын қолдаймыз»,- деді.