Қыр 20, 2021 20:25 Asia/Almaty

Ақпарат көздері бүгін, дүйсенбі күні Ресейдің Сібір аймағындағы бір университет ғимаратында атыс болғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей тергеу комитеті бүгін, дүйсенбі күні: "Сібір аймағындағы Пермь қаласының мемлекеттік университетінде болған атыста 8 адам қаза тауып, 19 адам жараланды",-деп хабарлады.

Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, оқ жаудырған адам полиция қызметкерімен қақтығыста көз жұмды.

Қылмыскердің Пермь университетіне шабуылының мақсаты мен себебі əлі анықталмады.

Ресейдің орталық өңіріндегі Пермь қаласында 1 млн 50 мың адам өмір сүреді. Қала аумағы - 799 шаршы шақырым.

 

Тегтер