Ақ үйдегі төрттік топтың саммиті, Қытаймен күресуге жаңа қадам
QUAD деп аталған төртжақты қауіпсіздік келіссөздерге мүше төрт мемлекеттің (АҚШ, Жапония, Үндістан және Австралия) басшылары жұма күні Ақ үйдегі отырысының соңында Қытайға қарсы біртұтас позиция ұстанып, Үнді-Тынық мұхиты аймағында еркін, ашық және қауіп-қатерден ада аймақ құруға баса назар аударды.
Бұл басшылар ортақ мәлімдемесінде: ««Біз заңдылықты, кеме қатынасы мен авиация еркіндігін, дауларды бейбіт жолмен шешуді, демократиялық құндылықтарды және ұлттардың аумақтық тұтастығын қолдаймыз»,- деп жариялады. Бұл ұзақ мәлімдемеде Қытай туралы нақты айтылмасада, Қытай оның негізгі адресаты болғаны анық. Төрт мемлекет өз мәлімдемесінде Қытайдың ықпалы бар аймақтағы заңға бағынатын іс-әрекетті қолдайтындарын мәлімдеді. АҚШ Үнді-Тынық мұхиты аймағының маңыздылығын ескере отырып, әрқашан бұл аймаққа қатысуды қуаттады. Осыған байланысты Вашингтон аймақтағы маңызды елдермен одақ құруға, сондай-ақ олармен кеңесулерін күшейтуге талпынуда. Бұл мәселе АҚШ пен Қытай арасындағы бірінші және екінші экономикалық держава ретіндегі қарама-қарсылықтың күшеюін ескере отырып, маңызды бола түседі. Quad тобы сонымен қатар бірінші кезекте Қытайдың әрекеттеріне қарсы тұру үшін құрылды. Бұл топта АҚШ өзінің ұзақ мерзімді мақсаттарын алға ілгерлету үшін негізгі екі одақтасы Австралия мен Жапонияның қолдауын пайдаланады. Сонымен қатар Үнді мұхитындағы негізгі держава - Үндістан соңғы жылдары шекара дауларына байланысты Қытаймен араздасып келеді. Үндістан Бейжинді экономикалық және қауіпсіздік бойынша қарсылас деп санайды және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС сияқты аймақтық және халықаралық топтарға Қытайға қосылғанымен, Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы билігін шектегісі келеді. Енді төрт мемлекет арасында Бейжіңнің аймақтағы қатысуы мен ықпалын дамытуға жол бермеу туралы келісімге қол жеткізілген сияқты. Байден үкіметінің «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына уақытша нұсқаулық» деп аталатын қауіпсіздік құжатында Қытайдың әлемдік аренада ықпалын артып келе жатқаны, сондай-ақ Қытайдың экономикалық, дипломатиялық, әскери және технологиялық күшін пайдаланып, тұрақты халықаралық жүйеге қарсы тұра алатын жалғыз бәсекелес екені көрсетілді. Вашингтон сынының өткір ұшы Қытайдың әртүрлі экономикалық, сауда, әскери, қауіпсіздік және адам құқықтары саласындағы әрекеттеріне бағытталды, енді ол Үнді-Тынық мұхиты одақтастарымен бірлескен әрекеттерді қолдана отырып, Қытайды шектеуге тырысуда. АҚШ: «Қытайдың соңғы жылдардағы, әсіресе Оңтүстік Қытай теңізіндегі кеме қатынасы бостандығына және бұл аймақтағы елдердің қауіпсіздігіне қатер төндірді»,- деп уәж айтуда. Сонымен қатар, Бейжің Оңтүстік Қытай теңізіндегі экономикалық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес су қоймасын дамыту мақсатында жасанды аралдардың құрылысын байыпты жүргізуде. Сондықтан АҚШ одақтастарымен бірге аймақтағы өз теңіз және әуе күштерінің орналасуын күшейтті. Алайда, кейбір сарапшылар АҚШ-тың қомақты әскери шығынына қарамастан, Қытаймен толыққанды соғыста жеңіліске ұшырайды деп санайды. Адмирал Филип Дэвидсон: «Қытай әскері алдағы алты жылда АҚШ әскерінен асып түседі және Шығыс Азиядағы жағдайды сөзсіз өзгертеді»,- деді. АҚШ жақында Ұлыбритания мен Австралиямен AUKUS деп аталатын үшжақты одақ құрып, Қытайдың әскери күшінің өсуіне қарсы тұру үшін әскери, қару-жарақ және кибер ынтымақтастықты нығайтуға талпынуда. Байден үкіметі тіпті Австралияға ядролық суасты қайықтарын беруге келісім берді, бұл Бейжіңнің наразылығын тудырды. Бірақ екіжүзді стандарты бойынша Вашингтон өзін ядролық қаруды таратуға себеп болуда деп санамайды. Негізінде Австралияны осы суасты қайықтарымен жабдықтау аймақтың басқа елдерін де осындай мүмкіндікке ие болуға және қару-жарақ жарысын күшейтуге итермелеуге әкелуі мүмкін.