Еуроодақ тәуелсіз еуропалық қорғаныс күштерін құруды тағы қуаттады
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы АҚШ-Британия-Австралия әскери келісімінің іс жүзінде ЕО-АҚШ қарым-қатынасы үшін қатер дабыл болғанына тоқталып, тәуелсіз еуропалық қорғаныс күштерінің қажеттілігін қуаттады.
Жозеп Боррель: «АҚШ Ауғанстаннан шыққаннан кейін сыртқы саясаттағы басымдықтарын өзгертті. Бірақ ЕО маңындағы дағдарыстар біздің еуропалық басымдығымыз болуы керек және біз НАТО-ға арқа сүйеуді күте алмаймыз»,- деді. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы НАТО-мен альянстың ортақ қорғаныс мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемесін жариялай отырып: «Біз тәуелсіз еуропалық қорғаныс күштерін құруымыз керек және стратегиялық міндеттемелерді қалай орындау керектігін білуіміз керек»,- деп мәлімдеді.