Иран мен Ресей ынтымақтастықты дамытуды қуаттады
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесіп, ынтымақтастықты дамытуды қуаттады.
IRNA-ның хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Сергей Лавров сәрсенбі күні Мәскеуде кездесіп, екіжақты әртүрлі екіжақты және аймақтық салаларда ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне тоқталды. Лавров: «Келіссөздердің жаңа контексті - Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қосылуы, бірақ келіссөздердің негізгі басымдығы – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы». «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қосымша мәселелерсіз орындалуы керек»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі де кездесуде: «Екі ел президенттерінің қарым-қатынасы мен бұл сапар екі ел арасындағы келіссөздер мен қарым -қатынастардың стратегиялық екенін растайды. Бұл кездесу халықаралық оқиғалар, соның ішінде Оңтүстік Кавказ, Йемен және Ауғанстан туралы пікір алмасуға жақсы мүмкіндік»,- деді.