Иран Варшава кинофестиваліне қатысуда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i55790-Иран_Варшава_кинофестиваліне_қатысуда
37-ші Варшава халықаралық кинофестивалі кеше кешке ирандық фильмдердің қатысуымен Польша астанасында өз жұмысын бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 09, 2021 11:49 Asia/Almaty

37-ші Варшава халықаралық кинофестивалі кеше кешке ирандық фильмдердің қатысуымен Польша астанасында өз жұмысын бастады.

 

Фестивальдің осы кезеңінде Иран, Америка, Ресей, Украина,  Германия, Қытай, Литва мен Польша сияқты елдердің 350-ден астам фильмі 10 күн бойы көрсетіледі.

Ираннан режиссер Амир Азизи түсірген және Навид Мұхаммадзаде мен Пурия Хейдари-Авре продюсерлік еткен «Екі ит» фильмі фестивальдің конкурстық бөлімінде бірінші көрсетілім көрерменге ұсынылады. Сондай-ақ, «Еркін жан» бөлімінде Маздак Мирабедини түсірген «Ұлу адам» фильмі мен деректі туындылардың конкурстық бөлімінде Алиреза Расулинежадтың «Иствуд» фильмі кинофестивальге қатысатын Иран кинематографиясының басқа туындылары болып табылады.

37-ші Варшава халықаралық кинофестивалі 8-17 қазан аралығында өтеді.