АҚШ теңізшілерінің ұрлығы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i55792-АҚШ_теңізшілерінің_ұрлығы
Ресей ІІМ АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскерінің ресейлік мейрамханада Мәскеу тұрғынының сөмкесін ұрлағанын жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 09, 2021 12:15 Asia/Almaty

Ресей ІІМ АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскерінің ресейлік мейрамханада Мәскеу тұрғынының сөмкесін ұрлағанын жариялады.

Ресей ІІМ-нің мәліметінше, АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде кеңселік және техникалық қызметкерлер болып жұмыс істейтін АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскері мейрамханада Мәскеу тұрғынының сөмкесін ұрлап кетті. Сөмкенің ішіндегі нәрселердің құны 15 000 рубль болды. Ресей полициясы АҚШ-тың Мәскеудегі дипломатиялық миссиясынан сотта іс қозғау үшін күдіктілердің  дипломатиялық қолсұқпаушылығын алып тастауды сұрады. АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскерінің сөмкені ұрлауы туралы бейненің  жариялануы «Washington Post» оқырмандарын ашуландырды.