АҚШ теңізшілерінің ұрлығы
Қаз 09, 2021 12:15 Asia/Almaty
Ресей ІІМ АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскерінің ресейлік мейрамханада Мәскеу тұрғынының сөмкесін ұрлағанын жариялады.
Ресей ІІМ-нің мәліметінше, АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде кеңселік және техникалық қызметкерлер болып жұмыс істейтін АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскері мейрамханада Мәскеу тұрғынының сөмкесін ұрлап кетті. Сөмкенің ішіндегі нәрселердің құны 15 000 рубль болды. Ресей полициясы АҚШ-тың Мәскеудегі дипломатиялық миссиясынан сотта іс қозғау үшін күдіктілердің дипломатиялық қолсұқпаушылығын алып тастауды сұрады. АҚШ-тың үш теңіз жаяу әскерінің сөмкені ұрлауы туралы бейненің жариялануы «Washington Post» оқырмандарын ашуландырды.