Швейцария Парламентінің төрағасы: Ирандықтар өздерінің ирандық екенін мақтан тұтуға қақылы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i55918-Швейцария_Парламентінің_төрағасы_Ирандықтар_өздерінің_ирандық_екенін_мақтан_тұтуға_қақылы
Швейцария Парламентінің төрағасы Йезд облысының әкімімен кездесуінде: «Ирандықтар өздерінің ирандық екенін мақтан тұтуға қақылы»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 15, 2021 12:40 Asia/Almaty
  • Швейцария Парламентінің төрағасы: Ирандықтар өздерінің ирандық екенін мақтан тұтуға қақылы

Швейцария Парламентінің төрағасы Йезд облысының әкімімен кездесуінде: «Ирандықтар өздерінің ирандық екенін мақтан тұтуға қақылы»,-деді.

Иранның оңтүстігіндегі Йезд облысының әкімі Меһран Фатеми Швейцария Парламентінің төрағасы Андреас Аэбимен кездесуінде: «Иранда табиғи байлық мол. Қазіргі таңда зұлым санкциялар қиындық тудырып отыр. Егер бұл түйткіл жойылса, түрлі салаларда белсендік жасап, үлкен жетістіктерге жетуге болады»,-деді.  

Йезд облысының әкімі: «Түрлі дін өкілдерінің тату тіршілігі – Ирандағы осы облыстың мәдени ерекшеліктерінің ең маңызды дәлелі»,-деді.

Андреас Аэби осы кездесуде ирандықтардың өздерінің ирандық екеніне мақтана алатынын айтып: «Иранның аймақтағы қазіргі айбыны мен қауіпсіздігі – азаттықты сүйетін халықтар үшін үлкен мақтаныш. Ирандықтар мұны жақсы түсінеді»,-деді.