Біржақты санкция БҰҰ жарғысын бұзады
Қар 04, 2021 15:24 Asia/Almaty
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Қосылмау қозғалысы атынан сөйлеген сөзінде елдерге қарсы біржақты санкцияларды тез арада тоқтатуды талап етті.
Захра Ершади БҰҰ Бас ассамблеясының алтыншы комитетінде: "Қосылмау қозғалысы біржақты санкциялар қолданатын елдерден жедел түрде оларды тоқтатуды сұрайды",-деді.
Ершади: "Біржақты санкция БҰҰ жарғысын бұзады және халықаралық заңдар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларының әлсіреуіне әкеліп соқтырады",-деді.