Вашингтон Теһранмен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясынан тыс келіссөздер өткізуге табандылық танытып отыр
АҚШ өзінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзып, одан біржақты негізде шыққанын ескермей: "Иран ядролық келісімге қайтып оралғаннан кейін Теһранмен басқа да қайшылықты мәселелерді талқылаймыз",-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Нед Прайс: "Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан тыс тақырыптарда Теһранмен келіссөз жүргізуді көздеп отыр",-деп уәж айтты.
Прайс тілшілерге берген сұхбатында: "Біз "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуды басты басымдық санаймыз. Бірақ мақсатымыз – осы келіссөздерді басқа тақырыптарда сөйлесу үшін пайдалану",-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы: "Біздің сенімімізше, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұрынғыдай Иранның ядролық бағдарламасын ауыздықтауда ең әсерлі жолдардың бірі болып қалып отыр. Бұл – бірінші қадам. Екі жақ та берік болғаннан кейін бір ұзағырақ және әсерлірек келісімге қол жеткіземіз. Содан кейін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы АҚШ пен оның одақтастарын алаңдататын басқа мәселелер туралы сұхбаттасуға негіз бола алады",-деп уәж айтты.