Оңтүстік-Шығыс Азияда мойны ұзындар тайпасы өмір сүреді
Қар 05, 2021 15:40 Asia/Almaty
Оңтүстік-Шығыс Азияда әлемде сирек кездесетін таңғажайып мойны ұзындар тайпасы өмір сүреді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тайланд университетінің халықаралық мәдениет саласының зерттеушісі осы агенттікке берген арнайы сұхбатында Пауданг тайпасының мойындары 20 см әйелдерін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы таңғажайып адамдардың бірі деп атады.
Доктор Навидреза Ахмади: "Бұл тайпаның әйелдері бала кезінен жыл сайын мойындарына жез шығыршық тағып, басты жоғары қарай өсуге бағыттайды. Уақыт өте келе 5 кг салмақты 28 темір шығыршық олардың мойындарының 20 см-ден асуына себеп болады",-деді.