OPEC+ АҚШ-тың талабына қарсылық білдірді
OPEC-тің мұнай бағасы 2021 жылдың басынан бері 30 долларға артты.
Қазан айында әлемде газ тапшылығы болып, соған қатысты энергия бағасы артқаннан кейін мұнай бағасында рекорд жасалып, барреліне 84 доллардан асты.2020 жылы көктемде коронавирус таралып, экономикалық белсенділік тоқтап қалғаннан кейін мұнай бағасы 20 доллардан түсіп кеткен болатын.Содан кейін OPEC және оған мүше емес 10 мұнай өндіруші (OPEC+) өздерінің өндірісінен 9,7 млн баррель мұнайды нарықтан шығарып алып, жағдай жақсарып, өндіріс азайғанда нарыққа қайта қосуға келісті.
Қазіргі таңда OPEC+ аясындағы мұнай экспортаушы елдер мұнай бағасын тұрақтандыру үшін мұнай өндірісін біртіндеп арттыру саясатын жалғастыруды талап етіп отыр. Ал АҚШ бастаған Батыс блогы мұнайдың бағасын төмендету үшін оның өндірісін айтарлықтай арттыру қажеттігін айтып отыр.
Осы орайда OPEC+-ке мүше елдер 22-ші отырыста өндірісті азайту келісімін орындауды жалғастыруға келісті. Соған сәйкес, OPEC+-тің желтоқсан айындағы өндірісі 400 мың баррельге артатын болады.
Мұнай мәселесі жөніндегі сарапшы Джулиан Гигер (Julianne Geiger): «АҚШ банкінің болжауынша, шикі мұнай бағасы өсуін жалғастырып, 2022 жылы маусым айында барреліне 120 долларға жетеді»,-деді.
OPEC+тың мұнай өндірісін біртіндеп арттыруға қатысты ортақ ұстанымы АҚШ-тың қатты наразылығын тудырды. АҚШ Президенті Джо Байден: «OPEC+ елдері АҚШ-тың талабына сай мұнай өндірісін арттырмауы мүмкін»,-деді. Байден үкіметі өсіп бара жатқан мұнай бағасын бақылауда ұстауға қатысты қысымға алынып жатыр. Карантиндік шектеулерден біртіндеп шығудың нәтижесінде АҚШ-та экономикалық белсенділіктердің артуы мұнай мен бензин бағасының өсуіне себеп болды.
АҚШ-та бензиннің орташа бағасы галлонына 3 доллар 42 центке жетті. Бұл – 2014 жылдан бергі ең жоғары баға. Сондықтан Байден үкіметі әлемдік нарықта мұнай ұсынысын арттырып, оның бағасын түсіру арқылы елде мұнай өнімдері бағасын төмендетуді көздеп отыр. Бензин бағасының артуы келесі жылғы кезеңаралық сайлауға қатысатын демократтар үшін саяси қиыншылықтар тудыратыны анық.