Ғарибабади: Иран – лаңкестік пен антигуманистік санкциялардың құрбаны
ИИР Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы: «Иран – лаңкестік пен антигуманистік санкциялардың құрбаны. Осындай әділетсіздікке көз жұмып отырғандар өздерін адам құқығын қорғаушымыз деп таныстырады»,-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади Твиттердегі жеке парақшасында: «Иран – лаңкестіктің құрбаны. Еуропада емін-еркін жүріп тұратын Мұнафықтар лаңкестік тобы жазықсыз 17000 ирандықты шәһид етті»,-деп жазды.
Ғарибабади АҚШ-тың Иранның ядролық ғалымдары мен лаңкестікпен күрес қаһарманын (Қасым Солеймани) террор еткеніне тоқталып: «Иран қазір АҚШ-тың антигуманистік санкцияларының астында. Соған қарамастан, осындай әділетсіздікке көз жұмып отырғандар өздерін адам құқығын қорғаушымыз деп таныстырып, Иранды адам құқығын бұзып отыр деп айыптайды»,-деді.