Тоқаев Венгрия Премьер-министрімен кездесті
Түрік тілдес елдер саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия Премьер-министрі Виктор Урбанмен кездесті.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың даму келешегі қарастырылып, коронавирус пандемиясы мен климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері талқыланды. Тоқаев Қазақстанда Венгрияны жақсы танылуына және құрметке ие болуына тоқталып, Орталық Еуропадағы Қазақстанның тұңғыш елшілігінің Будапештте ашылғанын мәлімдеді. Өз кезегінде Венгрия Премьер-Министрі екі ел халықтары арасындағы тығыз тарихи байланыстарға тоқталып, Қазақстан Президентін келесі жылы Венгрияға сапармен келуге шақырды.