Байден: Ираннан мұнай сатып алу азаяды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i56656-Байден_Ираннан_мұнай_сатып_алу_азаяды
АҚШ Президенті Вашингтонның Иранға қарсы біржақты саясатын жалғастыра отырып: «Әлемдік нарыққа мұнай жеткілікті мөлшерде жеткізілуде, сондықтан Ираннан мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуды азайту үшін жағдай жасалды»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 13, 2021 16:28 Asia/Almaty
  • Байден: Ираннан мұнай сатып алу азаяды

АҚШ Президенті Вашингтонның Иранға қарсы біржақты саясатын жалғастыра отырып: «Әлемдік нарыққа мұнай жеткілікті мөлшерде жеткізілуде, сондықтан Ираннан мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуды азайту үшін жағдай жасалды»,- деп мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуға дайын екенін алға тартқан Джо Байден АҚШ Мемлекеттік департаментіне жолдаған нотасында Ислам Республикасына қарсы жаңа уәждерін көтерді. Бұл мәліметке сәйкес, Ақ үй 2012 жылы Барак Обаманың президенттігі кезінде Иранға салынған санкцияларды сақтау үшін әлемде жеткілікті мұнай қоры бар екенін әр жарты жыл сайын растауы қажет. Жақында Reuters агенттігі шетелдік сатып алушылардың АҚШ санкцияларына қарамастан Иран мұнайын импорттауын жалғастырып жатқанын хабарлады.