Қар 14, 2021 17:06 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения арасында Қарабақта әскери қақтығыс болды

Әзірбайжан мен Армения әскерилері Қарабақта тағы да қақтығысып қалды.

Армения Қорғаныс министрлігі: «Сенбі күні Әзірбайжан әскерилері Қарабақтағы Армения күштерінің позицияларына оқ жаудырды. Армения күштері бұл әрекетке жауап ретінде Әзірбайжан әскерилерінің позицияларына оқ атты»,-деп мәлімдеді.

2020 жылы 9 қарашада Әзірбайжан мен Армения арасында қол қойылған бейбітшілік келісіміне сәйкес Қарабақтағы кейбір аудандар Әзірбайжанның бақылауына берілді.

Бейбітшілік келісіміне қол қойылғанына қарамастан, тараптар бір-бірін оны бұзды деп айыптап отыр.

Тегтер