Польша шекарасында тағы бір мигрант қайтыс болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i56680-Польша_шекарасында_тағы_бір_мигрант_қайтыс_болды
Польша полициясы: «Суық түннен кейін Беларусь шекарасына жақын жердегі орманнан бір сириялық адамның денесі табылды»,-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 14, 2021 14:34 Asia/Almaty
  • Польша шекарасында тағы бір мигрант қайтыс болды

Польша полициясы: «Суық түннен кейін Беларусь шекарасына жақын жердегі орманнан бір сириялық адамның денесі табылды»,-деп хабарлады.

Өткен күндерде Беларусь пен Польша шекарасында осымен екінші мигрант қайтыс болды.

Қазіргі таңда көбі Батыс Азия елдерінен шыққан 2 мыңнан аса мигрант Беларусь пен Польша арасындағы шекаралық аймақта босып жүр. Польша үкіметі шекараны сыммен тартып, әскер орналастыру арқылы мигранттардың Еуроодаққа кіруіне тосқауыл қойып отыр.

Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдай өте күрделі. Босқындар суық күнде азық-түлік және су тамшылығына ұшырап отыр.