Хатибзаде Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты қарарға реакция білдірді
(last modified Thu, 18 Nov 2021 15:28:23 GMT )
Қар 18, 2021 21:28 Asia/Almaty
  • Хатибзаде Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты қарарға реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Канада тарапынан ұсынылған Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты қарарды Батыстың кейбір елдерінің қолдағанын сынап, оны заңсыз әрі негізсіз деп атады.

Саид Хатибзаде Канада мен бірнеше елдің "Иранды қаралау" жобасын жалғастыруға табандылық танытып отырғанын айтып: "Осы қарарды ұсынушылардың өздері ұзақ уақыт бойы басқыншы режимдерге қару-жарақ сату арқылы адам құқығын бұзып келді. Олар адам құқығы мәселесін өздерінің саяси мақсаттарын ілгерілету үшін пайдаланып отыр",-деді.