Висконсин штатының Вакиша қаласында қанды оқиға орын алды
Қар 22, 2021 16:32 Asia/Almaty
АҚШ-тың Висконсин штатында Кристмасты қарсы алу шеруіне жиналған халыққа джип көлігі шабуылдап, кемінде 45 адам қаза тауып, жараланды.
CNN арнасының хабарлауынша, жексенбі күні кешке Висконсин штатының Вакиша қаласында SUV көлігі Кристмасты қарсы алу шеруіне жиналған халыққа қасақана шабуыл жасап, 5 адамды өлтіріп, 40 адамды жаралады.
Мәлімет бойынша, Висконсин балалар ауруханасының басшылары мәлімдеме жасап: "Кристмаст шеруі трагедиясында жараланған 15 науқас қазір емделіп жатыр",-деді.
Осы күнге дейін күдіктінің кім екені және көлікті халыққа не үшін бағыттағаны белгісіз.