Абдуллахиан: МАГАТЭ-мен келісімге келуге болады
ИИР Сыртқы істер министрі: "МАГАТЭ-мен келісімге келуге болады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында МАГАТЭ-нің бас директорымен кездесіп, сұхбаттасқанын айтып: "Теһранда Рафаэль Гроссимен ашық әрі нәтижелі сұхбат болды",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Әріптестікті жалғастыру туралы жақсы келісімге келдік. Бірақ мәтінді қорытындылау үшін бірнеше сөзді көбірек талқылау керек",-деді.
Амир Абдуллахиан: "Техникалық мәселелерді саясиландыру деструктивті сипатқа ие",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Гроссимен кездесуінде Теһран үкіметінің қорғаныс кепілі туралы келісім аясында МАГАТЭ-мен сындарлы әріптестікті жалғастыруға әзір екенін айтып, осы ұйым бас директорының сапарынан кейін тараптардың өзара сенімі мен әріптестігі одан ары нығая түсетініне үміт білдірді.