Ресей алыс қашықтыққа арналған 10 тонналық оқтұмсықты зымыранды сынақтан өткізеді
Ресей алыс қашықтыққа арналған зымырандарды дамыту бағдарламасы бойынша биылғы жылдың соңына дейін 10 тонналық оқтұмсықты зымыранды сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Интерфакс сейсенбі күні Ресейдің қорғаныс өнеркәсібі басшыларының бірінің сөзіне сілтеме жасап, «Сармат» деп аталатын құрылықаралық баллистикалық зымыранның бірінші сынағын өткізетіні туралы хабарлады.
НАТО-ның классификациялауы бойынша, SS-18 немесе «Шайтан» деп аталған құрылықаралық зымырандар баллистикалық РС-20В мен «Воеводы» зымырандарының орнына келеді.
Жарияланған мәлімет бойынша, жаңа зымыран 10 тонналық оқтұмсығымен оңтүстік немесе солтүстік полюстерден әлемнің кез келген жерін нысанаға ала алады.